Advertisement
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен бірлесіп 2026 жылдың 20–22 сәуірі аралығында «Ақынжанов оқулары – 2026» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1. Қазақстандағы археологиялық зерттеулер тарихы. Археологиядағы тұлғаның рөлі;
2. Тас және палеометалл дәуірі археологиясы;
3. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан: мәдениеттер тоғысы;
4. Орта ғасыр археологиясы: өркениеттер диалогы;
5. Археологиядағы пәнаралық зерттеулер;
6. Этноархеология мәселелері және Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Конференцияны онлайн және офлайн форматта өткізілу жоспарлануда.
Конференцияға қатысушылардың шығыны жіберуші тараптан қаржыландырылады.
Қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылданады.
Өтінімдерді қабылдауға арналған сілтеме: https://archeo-aqynzhan.kz/kk/participant/aynzhanov-oulary-2026/
Жариялауға арналған баяндамалардың мәтіндері 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін қабылданады.
Баяндамаларды жіберуге арналған сілтеме: https://archeo-aqynzhan.kz/kk/participant/send/aynzhanov-oulary-2026/
Кейінірек түскен барлық материалдар қабылданбайды.
Конференция жұмысына қатысу үшін өтініммен мақалалар тек https://archeo-aqynzhan.kz/ сайты арқылы қабылданады.
Мақаламен суреттер файлдарын бірінші автордыңаты-жөніменатау қажет(Мусаева РС_мақала.doc; Мусаева РС _сурет).
Толығырақ ақпараттық хатпен танысу үшін төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз: https://archeo-aqynzhan.kz/kk/aynzhanov-oulary-2026/aparatty-hat-aynzhanov-oulary-2026/
Advertisement
Event Venue
пр. Достык 44, Almaty, Kazakhstan, 050010
Tickets
Concerts, fests, parties, meetups - all the happenings, one place.





